BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.79 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 402.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Қазақстанға келетiн шетелдiктердiң саусақ iздерi тексерiледi

2021 жылы дактилоскопиялық тіркеу туралы заң қолданысқа енгiзiлмек. Бүгін Мәжіліс үйiнде өткен Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«2021 жылы дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы заң қолданысқа енгiзiледi. Осыған байланысты шетел азаматтарынан виза рәсімдеу, тұруға ықтиярхат немесе босқын мәртебесін алу кезінде міндетті түрде дактилоскопиялық тіркеу талап етіледі. Заң бұзған шетел азаматтары да осындай тіркеуден өтуі тиіс», - дедi Қасымов.

Министрдiң айтуынша, 2014 жылдан бастап еңбек мигранттарына Қазақстан азаматтарының жеке шаруашылығына жұмыс істеуге рұқсат берілуі заңсыз еңбек мигранттарын азайтуға көмектесті. Аталған институт енген уақыттан бастап мигранттарға 1 миллионға жуық патент беріліп, бюджетке 10 млрд теңгеден астам салық түсті.

Атап өтсек, геномдық ақпарат – адамның немесе танылмаған мәйіттің жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін оның дезоксирибонуклеин қышқылының белгілі бір фрагменттері туралы кодталған ақпарат және Заң талаптарына сәйкес дербес деректер (ол болған кезде); ал, дактилоскопиялық ақпарат – адамның немесе танылмаған мәйіттің жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін оның қолдарының саусақтарының және (немесе) алақандарының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы биометриялық деректер және Заң талаптарына сәйкес дербес деректер.

Еске салсақ, бүгiн ведомство басшысы шетелдiк жұмысшылардың елiмiзге келу тәртiбiн түсiндiрген болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер