Қазақстандықтардың саны 18,27 миллионға жетті - Қоғам|10 Тамыз 2018, 11:25
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Қазақстандықтардың саны 18,27 миллионға жетті

Фото: Гүлжан Раманқұлова

1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстандағы халық саны 18,27 миллион адамды құрады. Бұл жыл басындағы көрсеткіштен 115,1 мың адамға артық, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарты жылда табиғи өсім 125,9 мың адамды құраса, елімізден 10,8 мың адам басқа елге қоныс аударды.

Осы ретте, 2020 жылға дейін елімізді дамытуға арналған бағдарламалардың нәтижесі көзге ұрып тұр деуге болады.

Сонымен, жыл басынан бері қала халқының саны 1% немесе 105,5 мың адамға артып, 10,53 миллионды құрады. Сондай-ақ, ауыл халқының саныда алғашқы жарты жылдықта 0,1%-ға көбейіп, 7,74 миллион адамды құрады.

Дегенменде, ауыл тұрғындарының саны жыл санап азайып келеді.

Сонымен, жыл басында ауыл тұрғындарының саны жалпы халық санының 42,6% құрады, ал осыдан бір жыл бұрын ол 42,8%, бес жыл бұрын 45,1%, он жыл бұрын 46,9% көрсеткен болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер