BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 341.18 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.97 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

ҚДТ туралы ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады – Бас прокуратура

Фото: liter.kz

Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін ҚДТ экстремистік ұйым екендігі анықталған болатын.

«Бас прокуратура сот шешімінен кейін ҚДТ экстремистік ұйымының кез келген жұмысына қатысу және қаржыландыру ҚР ҚК-нің 182, 258, 405-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын түсіндірді. Қатысу деген ұғымның астарында ҚДТ идеясын насихаттау, үгіттеу, ҚДТ-ның кез келген ақпараттық материалдары мен соған қатысты пікірлерді, жазбаларды, парақшаларды шығару немесе тарату жатыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, экстремистік топтың қызметіне ерікті түрде қатысудан бас тартқан адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады», - дейді Ақпараттық коммуникация қызметінде өткен брифинг барысында Қазақстанның Бас прокуратура өкілі Оксана Лоскутова.

Бас прокуратураның айтуынша, әлеуметтік алауыздық, билікті ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдары арқылы басып алуға үндеу және үгіттеу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Жыл басынан бері республиканың бес аймағында ҚДТ белсенділерімен байланысы бар экстремистік әрекет фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. (...) Экстремистік топ қызметін құрғаны, басқарғаны және қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік 2 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қолданады», - дейді Бас прокуратураның қылмыстық іс қызметінің басышысы Ерлан Абаев.

Оның айтуынша, қатысу ұғымына экстремистік актілерге қатысу ғана емес, ұйым мүддесі үшін көлікпен қамтамасыз ету, ақпараттарды жариялдау, парақшалар тарату, осы топ мүшелерін жүйелі түрде жасыру да кіреді

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер