BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Қазақстандықтар жиі сатып алатын көлік белгілі болды

Астана, BAQ.KZ. Отандық көлік өнеркәсібі қуантып жатыр. Жеңіл автомобиль жасау жыл ішінде 83% өсті.

2018 жылдың 9 айында құны 140,9 млрд теңге болатын көлік шығарылды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 39% көп.

Негізгі өнімді ШҚО (51,4%) және Қостанай облысы (37,6%) дайындады. Бұл аймақтарда елдегі автомобиль жасайтын негізгі өндірушілер — «Азия Авто» және «СарыарқаАвтоПром» бар.

Көпжылдық динамикаға қарасақ, көлік, трейлер және жартылайприцеп өнеркәсібіндегі 2015 жылдан басталған кризис 2016 жылға дейін жалғасты. Бірақ өткен жылы бұл жағдай оңына қарай ауысты. Сонымен қатар, 2008 жылғы кризис те отандық автокөлік өнеркәсібіне әсер етті.

Соңғы статистикаға қарасақ, шын мәнісінде, жеңіл көлік өндірісі 82,6% жоғарылап, 21,1 мың машинаға дейін жетті.

Бұл арада он және одан да көп адамды тасымалдайтын көлік шығару 48,4% — 231 машинаға дейін қысқарғанын айта кету керек. Жүк көліктерін жасау да 17,3% азайып, 802 машинаға кем шықты.

Мамандандырылған көлік шығаруда өзгеріс болған жоқ (151 көлік). Ал прицептер мен контейнер өндірісі, керісінше, 2,3 есе, 388 данаға дейін өсті.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының деректері бойынша, қыркүйек айында елдің автомобиль нарығында айтарлықтай жоғары қарқын болмаса да, өсім байқалды.

Өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда 2018 жылдың қыркүйегінде жаңа автомобиль сатылымы 2,7% өсті. Қазақстандық дилерлер 5,4 мың жеңіл авто және коммерциялық техника, сонымен қатар 305 жүк, мамандандырылған техника және автобус сатты.

Ал өткен жылмен салыстырғанда, осы жылдың тоғыз айының қорытындысына сәйкес, отандық нарық сатылған автомобильдер саны бойынша 28,2% — 43,7 мыңға дейін өсті.

Сатылым саны жағынан жеңіл автомобильдердің ішінде 5 ай бойы қатарынан Toyota Camry маркасы 400 авто сатып, көш бастап тұр. Екінші орында Lada 4х4 (350 машина), үздік үштікті Lada Granta (342) қорытындылайды. Төртінші орында Hyundai Tucson — 287 кроссовер. Одан әрі тізімді Lada Vesta (280), Hyundai Creta (245), Hyundai Elantra (213), Volkswagen Polo (209), Toyota Land Cruiser Prado және Lada Largus 196 авто болып жалғастырады.

Сонымен қатар, бренд бойынша бірінші орында Lada тұр. Бұл көлік маркасының сатылымы 10% көтерілді. Екінші орында Toyota, бірақ бұл марканың сатылымы 9% қысқарды. Үшінші орында Hyundai — плюс 17%.

Nissan маркасы сұранысқа ие жеңіл автолардың 10-дығында болмағанымен, бренд қыркүйекте үздік бестікке кірді. Ол басқа брендтермен салыстырғанда 23% жоғарылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер