USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Қазақстандықтар жеке куәлігін ауыстыруы мүмкін

Фото: Alau.kz

«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» ҚР заң жобасы қабылданған жағдайда, 2021 жылы қазақстандықтар жаңа жеке куәлік алады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференция барысында ҚР ІІМ Жедел криминалистикалық департаментінің бастығы Серік Сайынұлы айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Естеріңізде болса, осы жылдың 10 маусымында Қауіпсіздік кеңесі отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аталған Заң жобасына қатысты тапсырмалар берген болатын. Соның негізінде 14 қазанда қоғамдық тыңдау өтті. Дактилоскопиялық тіркеу заманауи технологияларды енгізу қажеттілігінен туындап отыр.

«Жалпы, дактилоскопиялық және геномдық тіркеу Қазақстан азаматтары үшін өте тиімді. Заң мақұлданған жағдайда ең алдымен, мемлекеттік және жеке меншік қызмет көрсету жеңілдейді, визалық режим мен көші-қон қауіпсіздігінің тиімділігі артады. Заң күшіне енген кезден бастап дактилоскопиялық және геномдық тіркеу кезең-кезеңмен жүзеге асатын болады», - дейді Серік Сайынұлы.

Оның айтуынша, құжат жоғалған жағдайда бөгде азамат оны пайдаланып, өзге мақсаттарға пайдалана алмайды. Өйткені құжатта азаматтың суретімен қоса, қолының саусақ іздері де болады. Заң қабылданса, Қазақстан азаматтары 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа жеке куәлікке қол жеткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл Заңға қатысты мәселе 2001 және 2014 жылдары да көтерілген болатын. 2014 жылы жоба құны 24 млрд теңгені құраған. Алайда, қаржылық дағдарысқа байланысты кейінге шегерілді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады