BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қазақстандықтар бір ай ішінде жаңа автокөлік сатып алу үшін 35 млрд теңге жұмсаған

Фото: orer.news

2018 жылдың ақпан айында қазақстандықтар жаңа автокөлік, жүк көлігі мен автобус сатып алу үшін 35 млрд теңге (108,6 млн доллар) жұмсаған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lsm.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық автобизнес Ассоциациясы көлік сату көлемі өткен жылдың ақпан айымен салыстырғанда 51,1 пайызға, қаңтар айымен салыстырғанда 26 пайызға өскенін хабарлайды. Екі айдың қорытындысы өткен жылдың көрсеткішінен 45 пайыз артық.

«ҚазАвтоПром» одағының мәліметінше, қазақстандықтар жаңа жеңіл автокөлік сатып алу үшін 170 млн доллар жұмсаған.

«Ақпанда қазақстандық автокөлік нарығы өзінің қалыпқа келуінің символикалық мерейтойын атап өтті: 2017 жылдың наурызынан бастап 12 ай қатарынан сатылым көлемі артып келеді. Қазақстандықтардың жаңа жеңіл көлік сатып алуға кеткен шығын көлемі өскен», - дейді одақ басшысы Олег Алферов.

Бұл қарқын 2018 жылдың ІІ тоқсанынан бастап бәсеңдеуі мүмкін.

«Әдетте көктем мезгілінде автокөлік нарығында жағымды жаңалық көп болады. Алдағы апталарда тұтынушылық сұраныс қандай деңгейде екені анықталады», - дейді Қазақстан автокөлік бизнесі ассоциациясының вице-президенті Анар Мақашева.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер