USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Қазақстандықтар 2017 жылы 17 күн демалады

Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар төрт күн демалады. Жалпы мерекелік демалыс күндерінің саны бес күндік жұмыс аптасы бойныша – 17, ал алты күндік жұмыс аптасы бойынша – 16.

ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2017 жылғы мерекелік демалыс күндерінің тізімін жариялады. Министрліктің ескертуінше, заңнамаға сәйкес Қазақстанның ұлттық және мемлекеттік мерекелері тойланатын күндер мерекелік, яғни демалыс күндері болып саналады.

ұлттық мереке

Тәуелсіздік күні (16-17 желтоқсан).

мемлекеттік мерекелер:

Жаңа жыл (1-2 қаңтар);

Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз);

Наурыз (21-23 наурыз);

Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі (1 мамыр);

Отан қорғаушы күні (7 мамыр);

Жеңіс күні (9 мамыр);

Астана күні (6 шілде);

ҚР Конституциясы күні (30 тамыз);

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні (1 желтоқсан).

Демалыс күндеріне (сенбі, жексенбі) сәйкес келетін мереке күндері мерекеден кейінгі жұмыс күніне ауыстырылды.

бес күндікте:

1 қаңтардан 3 қаңтарға;

7 мамырдан 8 мамырға;

16 желтоқсаннан 18 желтоқсанға;

17 желтоқсаннан 19 желтоқсанға;

алты күндікте:

1 қаңтардан 3 қаңтарға;

7 мамырдан 8 мамырға;

17 желтоқсаннан 18 желтоқсанға ауысады.

Сондай-ақ, 2017 жылы 1 қыркүйекке түсетін Құрбан айттың бірінші күні және 7 қаңтар — православиелік Рождество демалыс күндері болып есептеледі.

Ұқсас сілтемелер:
07 Желтоқсан 2016, 15:25
Головкин жаттығуын тоқтатты
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады