Қазақстандықтар 11 тамызда осы жылдың соңғы күн тұтылуын көре алады - Қоғам|06 Тамыз 2018, 17:58
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Қазақстандықтар 11 тамызда осы жылдың соңғы күн тұтылуын көре алады

11 тамыз күні еліміздің бірнеше облысының тұрғындары күннің тұтылуын көре алады, ол сан бойынша осы жылдағы бесінші әрі соңғысы болмақ. Бұл жайында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры Андрей Солодовник мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sputnik порталына сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, күннің тұтылуы жартылай болмақ. (Ай күннің жартысын жабады).

«Күннің тұтылуы Қазақстан аумағының аз бөлігіне ғана көрінеді. Нақтырақ айтсақ Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары көре алады. Петропавл мен Павлодарда жақсы көрінеді, Көкшетау аздап қана тамашалайды. Астана, оңтүстік пен батыстықтарға мүлдем көрінбейді», - дейді ол.

Сонымен қатар ол 2015 жылдың 15 наурызынан бері бізде толық күн тұтылуы болмағанын жеткізді.

«11 тамыз күні жер шарының еш жерінде күн толық тұтылмайды. Барлық жерде тек жартылай ғана болады. Ең жоғарғы деңгейі Арктикада байқалуы мүмкін, Солтүстік Жер архипелагындағы аралдарда. Еуразияның солтүстік-шығысында да жақсы көрінетін болады. Біздегі күн тұтылуының жоғары фазасы 0,23 құрайды. Күннің тұтылуы 15.31 басталады. Жоғары фазасы 16.14 болады», - дейді профессор.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
11 Тамыз 2018, 14:26
Бүгін Күн тұтылады
Пікірлер