BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

Қазақстандық радио Төреғалидың әндерін эфирден алып тастайтынын мәлімдеді

Бұл туралы радиостанцияның басшысы Twitter-де жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық эстрада әншісі Төреғали Төреәліге қатысты бейнежазбалардың бүгін әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқаны белгілі. Онда әншінің жұртшылық толы залдың сахнасында тұрып, көрерменге қарата ренжи сөйлеп тұрғаны түсірілген. Дереккөздері концерттің Павлодар қаласында болғанын айтуда.

Осы оқиғадан соң Orda FM радиосының директоры Азамат Исаев «Әнші Павлодар қаласының тұрғындарынан кешірім сұрамайынша, оның әндері эфирден алынып тасталатынын» айтқан.

Радио басшысының жазуынша, мұндай шешім ұжым болып ақылдасудан соң қабылданған.

Естеріңізге сала кетейік, әншінің өзі бұл оқиға туралы Instagram-да бір ғана сөз жазды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер