BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Қазақстандық прокурорлар 3 млн азаматтың құқығын қорғады

Фото: Qamshy.kz

Еліміздегі прокурорлар ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 3 млн азаматтың құқығын қорғады. Бұл жөнінде ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров бас прокуратураның алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Прокурорлық қадағалау нәтижесінде 3 млн азаматтың құқығы қорғалды. Мысалы, ден қою шаралары арқылы Алматы қаласы және Алматы облысында 800 мың тұтынушы үшін «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС электр энергиясының 1 кВт/сағ тариф құны 16,9 теңгеден 16,3 теңгеге дейін төмендетілді. Қостанай облысында 10 мың бағбан қауымдастығы және өндірістік кооператив мүшелері үшін электр тарифі 24 теңгеден 19 теңгеге төмендетілді», - деді Бас прокурор.

Қожамжаровтың мәліметі бойынша, ведомство зиянды және еңбек жағдайы қауіпті кәсіпорындарда 27 мың заңбұзушылықтың орын алғанын анықтаған. Олар еңбек заңнамасының, өндірістік нормалардың, санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігіне қатысты.

«Жалпы, 45 мың азаматтың құқығы қорғалды. Еңбекақы бойынша жарты миллиард теңге көлеміндегі қарыздар өтелді. Мысалы, прокурорлардың ұсынуымен «Қарашығанақ Петролиум оперейтинг ВВ» қазақстандық филиалының, «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» СБК» ЖШС, «Рязанов атындағы №25 көпір құрлығы жасағы» ЖШС және тағы басқа кәсіпорындарда жұмыс жасайтын 4,5 мың жұмысшыны қайғылы оқиғалардан сақтандырды», - деп атап өтті ҚР Бас прокуроры.

Алқа отырысында белгілі болғандай, «Востокцветмет», «Қазмырыш», «Жамбыл электр желілері» секілді бірқатар кәсіпорындарда 2,5 мың жұмысшының жұмыс орнында өндірістік қауіпсіздік нормаларының бұзылу фактілері жойылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер