BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 372.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Қазақстандық өнімдердің сапасы нашарлап барады – сарапшы

Фото: alau.kz

Алматыда өткен баспасөз конференциясында Тұтынушылар ұлттық лигасының президенті Светлана Романовская елімізде санитарлық-эпидемиологиялық станция жоқ екенін, сәйкесінше шағын өнеркәсіптерді ешкім бақыламайтынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Халал өнімдер атына заты сай емес: осы марканың атын жамылған дәмсіз шұжықтар, тіпті алгокольді ішімдіктер бар.

«Біз халал өнімдерді егжей-тегжейлі тексерудеміз. Адамдар «Халал деген жазуы бар шұжықтар неге дәмсіз?» деген сұрақ қояды. Тұтынушылар бәрін жақсы түсінеді. Бәрін айт та, бірін айт, бізде тіпті халал арақ бар. Осыншама дәрежеде масқаралауға бола ма? Бұл көбінесе компаниялардың ойлап тапқаны және Қазақстан аумағында шығарылатын өнім сапасы жылдан жылға төмендеп барады», - дейді Светлана Романовская.

Оның айтуынша, өнімнің сапасыз шығуына кәсіпкерлердің өзіндік себебі бар.

«Біз кәсіпкерлермен осы мәселе төңірегінде сөйлестік. Олар «Біздің арсыз бәсекелестеріміз сүт, азық-түлік сияқты өнімдерге не себепті басқа да қоспалар қосып жібереді?» дейді. Біздің бұл туралы айтып келе жатқанымызға бірнеше жылдың жүзі болды. Осылайша құрамында сүті бар өнім мен еш қоспасыз сүттің маркасы екі түрі болуына ықпал еттік», - дейді Тұтынушылар ұлттық лигасының басшысы.

Ол Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық станция жоқ екенін, сәйкесінше тамақ өнімінің сапасын ешкім бақыламайтынын айтты.

«Бізде қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бар. Оның негізгі міндеті – тұрғындардың саулығы емес, оларды салауатты өмір салтына үйрету. Біз мемлекеттік органдарға қаншалықты айтсақ та, көңіл көншітерлік нәтиже көре алмадық. Тұтынушылар құқығын қорғау мемлекеттік органында 57 қызметкер бар және оларда өнімді тексеру міндеті жоқ. Өздеріңіз білесіздер, ешкім шағымданбаса, 50 адамға арналған мейрамхананы ешкім тексермейді».


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер