BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.57 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Қазақстандық әскери қызметшілер халықаралық армия ойындарына қатысады

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының үздік танк экипажы мен үздік мергені Қазақстан Қарулы Күштері атынан 2018 жылғы халықаралық армия ойындарына қатысады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы жылы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы өз әскери қызметшілерін халықаралық армия ойындарына қатысу үшін жан-жақты дайындаған болатын. Алдын-ала түрлі конкурс санаттарында командалар жинақтап, қаңтар айынан бері дайындық басталып кетті. Іріктеу сайыстарында ең үздік нәтиже көрсеткен танк экипажы мен үздік мерген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Танк биатлоны» мен «Снайперский рубеж» конкурсына қатысады.

«Танк биатлоны» конкурсының негізгі құрамына Ақтау қаласы 25744 әскери бөлімінің механик-жүргізушісі аға сержант Тоқтар Бажиев пен көздеуші-оператор аға сержант Айдар Талапов жақсы нәтиже көрсетіп, бүгінгі күні Аягөз қаласындағы «Майлино» полигонында соңғы дайындықтарын жүргізуде.

Сонымен қоса, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының үздік мергені Атырау қаласы 41433 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Артур Адилов та «Снайперский рубеж» конкурсына қатысатын негізгі құрам мүшесі атанды. Былтырғы Отар кентінде өткен осы конкурста, кіші сержант Артур Адилов Қазақстан Қарулы Күштеріне бірінші орын алып келген болатын.

Биыл «Танк биатлоны» жарысы Ресей Федерациясы, Мәскеу облысындағы әйгілі «Алабино» полигонында өтсе, «Снайперский рубеж» мергендер сайысы Беларусь Республикасының Минск қаласында өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы халықаралық армия ойындары 29 шілде мен 12 тамыз аралығында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Иран және Армения аумағында өтетін болады. Қазақстан Республикасының территориясында 28 сайыстың 3-уі өткізіледі, олар «Уверенный прием», «Мастера артиллерийского огня» және «Соколиная охота» конкурстары. Осы жылы ойынға қатысушы мемлекеттер саны 30-дан асты.

Халықаралық армия ойындары тәріздес іс-шаралар тек қана әскери қызметшілер үшін ғана емес, барша мемлекет үшін маңызы зор. Себебі, сайысқа дайындық және оны өткізу барысында Қарулы Күшетерінің күш-қуаты артумен қатар, халықаралық ынтымақтастық деңгейі де жоғарылай түседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер