BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Қазақстандық әйел Өзбекстанда жезөкшелерді ұйымдастырды деп айыпталды

Фото: komiinform.ru

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жезөкшелікпен айналыстыру мақсатында адам саудасын ұйымдастырған деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ru.sputniknews-uz.com сайтына сілтеме жасап.

Өзбекстан ІІМ жанындағы департамент мәліметі бойынша, Сырдария облысында жергілікті тұрғыннан шағым түскен. Шағымданушының айтуынша, 1975 жылқы Қазақстан азаматы мен Өзбекстан тұрғыны оған егер шетелде жезөкшелікпен айналысуға келісімін берсе, айына екі мың доллар төлейтіндерін айтып ұсыныс жасаған.

«Ішкі істер органдарының қызметкерлері Сырдариядағы «Сырдария» кеден бекетінде жедел іс-шаралар жүргізу кезінде шекарадан заңсыз өтуге әрекет жасаған күдікті азаматтары ұстады», - делінген хабарламада.

«Адамдар тобымен алдын-ала келісім бойынша Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы зардап шегуші адамдарды өткізу және сату » бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша айыпталушылар бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер