BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қазақстандағы шаңды дауылдың ғарыштан түсірілген суреті жарияланды

Фото: youtube.com

Ресейлік ғарышкер Антон Шкаплеров әлеуметтік желіге қазақстандағы шаңды дауылдың ғарыштан түсірілген суретін салды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстандағы шаңды дауыл ғарыштан осылай көрінеді», - деп жазды Ресейдің 111-ші ғарышкері.

Интернет қолданушылары оның фотосуретіне лүпіл басып, көкейдегі сұрақтарын қойды.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі фотосуреттегі қоңыр түстің тереңдігі туралы жазса, басқа қолданушылар «Ғарышта шаң бола ма?» деген сұрақ қойды. Кей қолданушы қазақстандықтардың лас ауамен тыныстайтынына алаңдаушылықпен қарайтынын жазған.

Бұған дейін ғарышкер Балқаш көлінің ғарышқа ұшқан кезде түсірген фотосын салған.

Антон Шкаплеров өткен жылдың желтоқсан айында ғарышқа «Союз МС-07» ғарыш кемесінің командирі ретінде ұшты.

Публикация от Anton Shkaplerov (@anton_astrey)

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер