Қазақстандағы қаржы пирамидасының негізін қалаушы Мәскеуде қамауға алынды - Қоғам|13 Ақпан 2018, 10:30
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Қазақстандағы қаржы пирамидасының негізін қалаушы Мәскеуде қамауға алынды

Мәскеуде Questra World, A.G.A.M., Forex Trend, Panteon Finance жобаларының авторы Павел Крымов ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпараттық агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

«Questra World» компаниясының Қазақстандағы қызметі қаржылық пирамидалар ретінде танылған.

Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, Крымов 2018 жылдың 6 ақпанында Шереметьевода ұсталған. Оны тексеру барысында ресейлік билік өкілдері Қазақстанның қылмыстық полициясының оны іздеп, әріптестерінен кәсіпкерді тұтқындауды сұрағаны анықталған.

Жәбірленушілердің айтуынша, соңғы жылдары қылмыскер 30 миллион доллардан астам табыс тапқан. Крымов Қазақстаннан бөлек, Украина мен Беларусь аумағында да өз жобаларын іске асырған. Алаяқтық бойынша ұсталған күдікті 2018 жылдың 17 наурызына дейін Мәскеуде қамауда болады. Айта кету керек, жоғарыда аталған мерзім аяқталғанға дейін, Крымовтың ісі Қазақстандық сотқа берілуі мүмкін.

Сонымен қатар, Алматы қаласының ІІД мәліметінше, ол бірқатар ірі алаяқтық жасағаны үшін күдікті болып отыр. Жәбірленушілердің саны қазірдің өзінде бесеу және олардың әрқайсысы, қылмыстық істің материалдары бойынша, алдын ала жоспарланған алаяқтықтың әсерінен үлкен жинақтардан айырылған. Қылмыскерге алданғандардың бірінің айтуынша, ол 23,5 мың долларды алаяқтық жолмен иемденген. Questra World мен Atlantic Global Asset Management-ке инвестиция салуға ұсыныс жасап, содан кейін жоғалып кеткен. Ал, басқа жәбірленушінің айтуы бойынша, кәсіпкер 75 000 АҚШ долларын заңсыз иемденген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер