BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Қазақстанда жол апаты азайды

Қазақстанда ағымдағы жылдың 3 айында өткен жылмен салыстырғанда жол апаты саны 2,4 пайызға азайды. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жыл басынан бері үш ай ішінде жол апатынан 4314 адам зардап шеккен, яғни 3047 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 2,4%-ға азайған.

2018 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан Республикасында 200 268 жеңіл автомобиль тіркелген немесе бұл көрсеткіш өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 75,5% артық. Қазақстан Республикасында 2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3 839,5 мың бірлікті құрады.

2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 5,9 млрд теңге сомасына 16 895 сақтандыру төлемі жүзеге асырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер