BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Қазақстанда жыл сайын 50 мың адам мүгедек деп танылады

Бүгін Сенатта ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Мəдина Əбілқасымова Қазақстанда 670 мың мүгедектің тұрып жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Бүгінгі күні Қазақстанда 670 мың мүгедек тұрып жатыр. Оның ішінде 61,9 пайызы еңбекке қабілетті жастағы, 25,4 пайызы зейнеткерлік жастағы адамдар, 12,7 пайызы 18 жасқа дейінгі балалар. Жыл сайын 50 мыңға жуық адам алғаш рет мүгедек деп танылады. Соңғы жылдары алғаш рет мүгедектікке шығу бойынша аурулардың құрылымы өзгермеген. Ересек адамдардың арасында қан айналымы жүйесінің аурулары - 26,9 пайыз, қатерлі ісік - 19,9 пайыз, кез-келген жердегі жарақаттар - 10 пайыз, балалар арасында дамудың туа біткен кемістігі - 32,5 пайыз, жүйке жүйесінің аурулары - 23,7 пайыз жəне психикалық бұзылулар - 11,1 пайызды құрайды", - деді Əбілқасымова.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанда мүгедек адамдарды əлеуметтік қамсыздандырудың екі деңгейі жүзеге асырылуда. Базалық деңгейге мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық əлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы əлеуметтік қызметтерді көрсету жəне оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету жатады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер