BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 341.08 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.46 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.37
Астана:

Қазақстанда жыл басынан бері екі жүзден астам жаяу жүргінші қаза тапты

Фото: 1obl.ru

2018 жылдың бастапқы бес айында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 2418 жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«2018 жылы бес ай ішінде жаяу жүргіншілердің қатысуымен 2413 жол-көлік оқиғасы болды, соның салдарынан 225 адам қайтыс болса, 2340 адам зардап шекті. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 7,9 пайызға төмен», - дейді ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Садубаев.

Сондай-ақ, ол ішкі істер министрлігі мен қызығушылық танытқан органдармен бірлесіп жаяу жүргіншілерге қауіпсіз жағдай жасау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада автобус жүргізушісі екі қызды қағып кеткен еді. Әртүрлі дене жарақатын алған қыздар ауруханаға жеткізілген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер