BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 402.38 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.49
Астана:

Қазақстанда заңсыз жүрген 200-ге жуық шетелдік елден қуылды

Фото: arnapress.kz

Соңғы жарты жылда соттың үкімімен 197 шетелдік елден қуылып, 1500 адам әкімшілік жауапқа тартылған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көліктегі ІІД көші-қон полициясының бөлімі жарты жылдың ішінде заңсыз көші-қон арналарын жабу үшін «Мигрант», «Тәртіп сақшысы», «Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізді. Көші-қон полициясы басқармасының бастығы Ғани Шымырбаев 1 526 адам әкімшілік жауапқа тартылғанын айтты, соның ішінде елде болу ережесін 1293 шетелдік, атап айтқанда, 1247 ТМД, 46 алыс шетел азаматы бұзған. Соттың үкімімен 197 шетелдік елден қуылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер