BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Қазақстанда паспорт жасату бағасы екі есе өсуі мүмкін

Қазақстанда паспорт жасатуға төленетін баж салығы екі есе өсуі мүмкін. Осылай деп мәлімдеді ІІМ, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі inalmaty.kz сайтына сілтеме жасап.

Парламент аталған ұсынысты қолдады. Мұнымен қатар, олар тұрғылықты және уақытша мекен-жайы бойынша тіркелуге төленетін мемлекеттік баж салығын алып тастауға келісті. Аталған өзгерістер Президенттің қол қоюын күтіп отырған Салық кодексіне енгізілді.

Жобаға сәйкес, шетелге шығуға арналған паспорттарды жасату бағасы жаңа жылдан кейін өседі деп күтілуде. Енді қазақстандықтар 9 мың теңге орнына 19 мың 240 теңге төлеулері мүмкін. Ал тіркеу үшін салынатын мемлекеттік баж салығының құны – қазір 227 теңге.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер