BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қазақстанда eGov.kz арқылы кәсіп ашу жеңіл әрі жылдам болды

Жыл басынан бері www.egov.kz электронды үкімет порталында «Банктік шот ашуды және қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезінде жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыруды ескере отырып, заңды тұлғаны тіркеу» қызметі іске қосылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұрын кәсіпкер алдымен заңды тұлғаны тіркеп, кейін банктен жеке шот ашып, одан кейін ҚҚС бойынша есепке қою үшін салық органдарына, сондай-ақ сақтандыру компаниясына баратын.

Мемлекеттік органдардың, банктер мен сақтандыру компанияларының бұрын ұсынған үш тәуелсіз қызметінің орнына жаңартылған қызметтің композиттік сипаты Қазақстанда өз бизнесін ашу рәсімдерін айтарлықтай жеңілдетеді.

«Әзірге кәсіпорынды тіркеген кезде бірден «ForteBank», «Цеснабанк», «Народный банк» және «Альфа-Банк» АҚ-да банктік шот ашып, «Мемлекеттік аннуитеттік компаниясы» мен «Азия Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ арқылы сақтандыру келісімшартын жасауға болады" - дейді мамандар.

Алдағы уақытта бұл қатарға тағы 9 банк пен 4 сақтандыру компаниясы қосылатын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер