BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 336.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 390.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.36
Астана:

Қазақстанда бензин өндірісі 9,1% артты

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, елімізде 2018 жылдың қаңтар-мамыр айында 1420,4 тонна бензин шығарылды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,1 процентке көп, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Осы жылдың бес айында 92,3 мың тонна керосин өндірілді. 2017 жылмен салыстырғанда 12,8 процентке көп. Сұйылтылған пропан және бутан 1042 тонна (+6,7 процент), газойл 1802 тонна (-3,7 процент), мазут 1210,3 тонна (+2,6 процент) шығарылды.

Бұдан басқа, қаңтар-мамырда 842,6 мың тонна (+2,7 процент) ферроқорытпа, 63,9 мың тонна (+4 процент) тазартылған қорғасын , 137,6 мың тонна (-1,9 процент) цинк, 169,2 мың тонна (-2,9 процент) тазартылған мыс өндірілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер