BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Қазақстанда аязды ауа райы күтіледі

Астана, BAQ.KZ. Республиканың басым бөлігі антициклон әсерінде болады, соған байланысты жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Тек солтүстік аудандардан фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, оңтүстік-шығыста жел сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман, батыста-көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі,

Синоптиктердің болжауынша, Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер