Қазақстанда автокөлікті тіркеу кезінде мотор нөмірін тексеру талап етілмейтін болады - Қоғам|16 Мамыр 2018, 21:25
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Қазақстанда автокөлікті тіркеу кезінде мотор нөмірін тексеру талап етілмейтін болады

Фото: kolesa.kz

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 «Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық 2018 жылдың 15 мамырында ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.

Он күннен кейін бұйрық заңды күшіне енеді.

«Көлікті есептік жазбадан алып тастаған жағдайда немесе көлікті екінші рет есепке тұрғызған кезде мотор нөмірін тексеру талап етілмейді. Қайта тексеру көлікті алғашқы рет тіркеп тұрған жағдайда ғана болады», - делінген хабарламада.

ІІМ бұл талаптың алынып тасталуын көліктерде екі бірдей нөмірдің кездесуі өте сирек жағдай екендігімен байланыстырады. Сондай-ақ, Қазақстанда жыл сайын мыңдаған көлік тіркеледі. Осы жылдың сәуір айында еліміз бойынша 390 мыңнан артық көлік тіркелген. Нөмірді қайта тексерудің қажеті жоқ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер