BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Әуе рейстері не себепті кешіккені белгілі болды

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті еліміздегі әуе рейстерінің не себепті кешігетінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінде қазақстандық әуе компаниялар мен әуежайлар өкілдерінің қатысуымен ұшу тұрақтылығына арналған кеңес өтті. Отырыста Халықаралық қатынастар және әуе тасымалы басқармасының басшысы Салтанат Томпиева еліміздегі әуе рейстерінің кешігу себептеріне талдау жүргізгенін атап өтті.

«2017 жылдың 11 айында Қазақстандағы әуе кемелерінің ұшу тұрақтылығы 87,1%-ды құрайды. Ал 2016 жылдың 11 айында әуе кемелерінің ұшу тұрақтылығы 90%-ға жуық көрсеткішті құраған», - деді ол.

Осы орайда басшы отандық әуе компанияларының ұшу тұрақтылығы көрсеткіштеріне тоқталды. Оның айтуынша, «Эйр Астана» – 86,99%, «SCAT» – 89%, «Бэк Эйр» – 94%, «Qazaq Air»– 82,8%, «Жетісу» әуе компаниясында – 94%, «Жезқазған Эйр» – 97,9%, ал «Южное небо» әуе компаниясында ұшу тұрақтылығының көрсеткіші – 93,1%-ды құраған.

Сонымен қатар, Салтанат Томпиева рейстердің не себепті кешігетінін айтты.

«Әуе кемелерінің кешігуіне байланысты рейстерде кешіктіріледі. Бұл – басты себеп. Мысалы, аталған себепке байланысты 2 844 рейс кешіккен. Ал техникалық себептерге байланысты – 915 рейс, ауа райы жағдайына байланысты – 635 рейс, жолаушы мен жүкке байланысты – 431 рейс, әуежайлардағы қызмет көрсету себептеріне байланысты 200 рейс кешіккен. Бұл – 11 айдағы көрсеткіш», - деді басшы.

Сонымен қатар ол Астана әуежайында 10 күн бойы және Алматыдағы әуежайда мамыр-желтоқсан айларында ұшу-қону жолақтарының жөндеу жұмыстарынан өткенін хабарлады. Алайда бұл жағдай әуе кемелерінің ұшу тұрақтылығына кері әсер еткен.

«Эйр Астана» әуе компаниясында кешіктірілген рейстердің саны шамамен 780-ге жетті. Бұл көрсеткіш жалпы кешігу санының 14%-ын құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, рейстердің тұрақтылығының төмендегені байқалады», - деп түйіндеді сөзін Салтанат Томпиева.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер