BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Қазақстанда әскери қызметшілерге пәтер берілуде 

Фото: интернеттен

Қазақстанда қабылданған «Әскери баспана» бағдарламасы аясында әскери қызметшілерге үй беріле басталды. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Осы жылы біз әскери қызметкерлерге арналған аса маңызды жобаны бастадық. Ол отан қорғаушыларға баспана алуға мүмкіндік береді. «Әскери баспана» аясында 6 мыңға жуық әскери қызметші Қазақстан тұрғын үй жинақ банкінде ағымдағы жеке есепшоттар ашқан. Бұл мақсатта банк 98 млрд теңге бөліп отыр. Оның ішінде 74 млрд теңге әскери қызметшілерге несие беруге жұмсалса, қалған 24 млрд теге кейбір займдарды қайта қаржыландыруға бағытталады. Несие беру ашық жүрсін деп арнайы ұпай жүйесін енгіздік. Негізгі көрсеткіш – үміткердің қызмет өтілі. 2 шілде мен 1 тамыз арасындағы бір ай ішінде банк әскери қызметшілерден өтініш қабылдады», - деді банк басшысы.

Оның айтуынша, бірінші нарықтағы және екінші нарықтағы баспаналарды алу үшін арнайы тиімді шарттар қарастырылған.

«Банк әскери қызметшілерге займның үш түрін ұсынады. Банкке 14 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Соның ішінде 4 430 өтініш мақұлданды және қазір 84 займ берілді. 285 өтініш құжаттарға қол қою процесінде қарастырылып жатыр. Жыл соңына дейін барлық өтініш қанағаттандырылады деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, тағы 1000-нан астам өтініш қарастырылып жатыр және олар да мақұладанады. Өтініш саны бойынша Астана, Алматы және Өскемен қалалары көш бастап тұр», - деді Ибрагимова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер