Қазақстанда 20 мыңнан астам педагог біліктілік сынағынан өте алмады - Қоғам|12 Маусым 2018, 15:17
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Қазақстанда 20 мыңнан астам педагог біліктілік сынағынан өте алмады

Фото: e-toyvillage.com

26-28 мамыр аралығында елімізде педагогика саласында жұмыс істейтіндер арасында тұңғыш рет ұлттық біліктілік тесті өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.

Өтінім берген 60476 адамның 56910-ы тестке қатысты. Тест 64 орында өтті.

Ұлттық біліктілік тестінің қорытындысы бойынша, 36472 (63,47%) тесттен сүрінбей өтті, оның 23758-і тестті қазақ тілінде тапсырса, 12514-і орыс тілінде тапсырды. Республика бойынша орташа балл – 68,27 (ең жоғары балл – 110) болды.

Ұлттық біліктілік тестілеу – сұрақ кітапшалары мен жауап парақтарын қолдану арқылы кешенді тестілеу. Тесттік тапсырма екі блоктан тұрады, барлығы 100 тесттік сұрақ: бірінші блок – «Пәннің мазмұны» бойынша 70 тапсырма, екінші блок – «Педагогика, оқыту әдістемесі» бойынша 30 тапсырма.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер