BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қазақстанда 2025 жылға дейін 10 мыңнан астам автобус жаңартылады

Фото: Atameken Business Channel

Қазақстанда пайдалану мерзімі 7 жылдан асқан 13 мыңнан астам автобус бар. Бұл туралы Инвестициялар және дамувице-министрі Тимур Тоқтабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында Парламент Мәжілісінің депутаты Уалихан Қайназаров өңірлердегі көлік компанияларында ескі автобустардың көптігі туралы айтты. «Автокөліктерді пайдалану мерзіміне шектеу қойылуы тиіс. Шымкентте жолаушыларды 40 жыл, тіпті одан да көп уақыт тасымалдап жүрген автобустарды көруге болады. Ақтөбе облысында болған оқиға осындай нәрселердің нәтижесі болып отыр. Сол себепті көлік құралдарын пайдалану мерзіміне белгілі бір шектеу қою қажет», - деді депутат.

Осыған орай Инвестициялар және даму министрі Тимур Тоқтабаев бүгінде тұрақты бағдарлар бойынша қызмет көрсететінің 19,5 мың автобус барын атап өтті. Олардың ішінде пайдалану мерзімі 7 жылдан асқан 13 мың автобус бар.

«Оларды жоспарлы түрде жаңарту қажет. Бұл мәселе өте өзекті болып отыр. 2018-2020 жылдарға арналған автобусп тасымалын дамыту кешенді бағдарлама жұмыс істейді. Биыл Қазақстан Даму банкінің лизингі арқылы жеңілдікпен несиелеуге 10,5 млрд теңге бөлінді. 2025 жылға дейін 10,5 мың автобусты жаңарту үшін 115 млрд теңге бөлінеді. Тек Қазақстанда жасалған автобустарды алатын боламыз», - деді Тоқтабаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер