BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қазақстанда 1 шілдеден бастап жаңа жәрдемақы енгізіледі

Жәрдемақы бірінші топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарға беріледі. Олар 18 жасқа толғаннан кейін де мемлекеттен көмек алатын болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес, балалық шақтан бірінші топтағы мүгедектерді асырап алған адамдар өмір бойы жәрдемақы алуға құқылы болатындай, біз заңнамаға түзетулер енгізгіміз келеді», - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.

Сонымен қатар, республикалық бюджет комиссиясы бұл ұсынысты бекітті. Енді жәрдемақы 29 мың теңге көлемінде төленетін болады.

Ал, Шығыс Қазақстан облысы Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті нақты сомалар туралы айтуға әлі ерте екенін хабарлады.

«Қазір нормативтік-құқықтық база жасалып жатыр", - деп түсіндірді әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Марина Шаронова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер