BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Қазақстан ұшақ апаты үшін Түркияға 660 млн теңге төлейді

Түркияда жардың бөктерінде тұрып қалған ұшақ Қазақстанда сақтандырылған, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі «Евразия» компаниясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Қандай жағдай болмасын, сақтандыру компаниялары зардап шеккен көліктің шығынын өтеуі тиіс. Өйткені, олар сол көлікті сақтандыруға кепіл болды.

Айта кетейік, 13 қаңтарда Түркияның Трабзон қаласында апат болды. Анкарадан ұшқан Pegasus Airlines әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы қонған кезде артқа бұрыламын деп жолақ шетінен шығып кетті де, теңізге қарай шығатын жардың бөктерінде тұрып қалды. Қуанышқа орай, ұшақ ішінде болған 168 адам аман қалды. Тек әуежай бірнеше сағат жабық болды.

Ұшқыштардың айтуынша, олар әдеттегідей қонып жатқан. Бірақ аяқ астынан оң жақтағы құрылғының жылдамдығы жоғарылайды. Олар жағдайды реттегісі келгенмен, еш нәтиже шықпады. Сөйтіп ұшақ теңізге қарай бағытталған. Қандай жағдай болмасын, енді ұшақтың барлық сынған бөлшегін сақтандыру компаниясы төлеу керек.

Апатқа ұшыраған әуе кемесіне сақтандыру жасаған қазақстандық «Еуразия» сақтандыру компаниясы хабарлама алды. Енді зардап шығынын өтеу үшін тиісті құжаттарды, сондай-ақ резерв жасау үшін халықаралық тәуелсіз лосс-аджерстердің есебін күтіп отыр. Компанияның қайта сақтандыру шарты аясындағы қаржы көлемі USD 2 031 250 (660 млн теңге) болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер