Қазақстан Ресейден бензин сатып алуды тоқтатпақ - Қоғам|07 Тамыз 2018, 18:25
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Қазақстан Ресейден бензин сатып алуды тоқтатпақ

Фото: Kursiv.kz

Енді Ресейден Қазақстанға АИ-92 бензинін тасымалдау тоқтатылады. Бұл туралы ОҚК-де өткен брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Алдымен вице-министр Ресейден мұнай өнімдері тапшылық болған кезде жеткізіліп отырғанын атап өтті.

«Ресеймен арадағы келісім аясында Қазақстанға аумағына жеткізілетін өнімдердің көлемі мен түрлері келісілді. Осыған сәйкес елімізде мұнай өнімдеріне айтарлықтай тапшылық болған кезде қол қойылған еді. Ресей тарапы қажетті көлемді қамтамасыз етуге қауқарлы болды. Біз олар ЕЭК аясында екіжақты келісімді бекіттік және ол құжат 2015 жылы күшіне енді. Онда жанар-жағармайдың барлық түрлері қамтылды. Дәстүрлі түрде 900 мың тоннаға тарта жоғары октанды бензинді, 400 мың тоннаға жуық дизель отынын және 250-270 мың тонна авиациялық керосинді тасымалдадық. Бұл өнімдер біздің нарыққа қажет болды», - деді ол.

Сондай-ақ вице-министр соңғы жылдары еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары нәтижесінде мұнай өнімдерін өңдеу көлемінің деңгейі айтарлықтай артқанын алға тартты.

«Зауыттар жаңғыртудан өткен соң, бізде импорттық АИ-92 бензиніне қажеттілік мүлдем жоқ. Сондықтан осы отынды сырттан әкелуге тыйым салмақпыз. Ресейлік әріптестерімізді ескерттік. Олар бұл қадамға қарсы емес. Атап айтқанда, олар бізге бұған дейін жіберіп келген мұнай өнімдері көлемін үшінші нарықтарға шығаруға қызығушылық танытып отыр. Бұл Ресей үшін тиімді», - деді Болат Ақшолақов.

Сонымен қатар ол импорттан бас тартуға қатысты шектеулер теміржол тасымалына байланысты екенін мәлім етті.

«Егер біз импортқа тыйым салсақ, ол теміржол көлігімен тасымалға қатысты болады. Ол автокөлікке байланысты емес. Сондықтан да Ресеймен шекаралас өңірлерде қажетті көлем тасымалдануы мүмкін. Алайда теміржол арқылы ауқымды мөлшерде импорттауға болмайды. Бұл бұйрық Әділет министрлігінде тіркеуге енгізілді. Ол шыққаннан кейін, күшіне енеді. Меніңше, 10 тамызға қарай ол құжат тіркеуден кейін жарияланады. Ал 10 күніннен кейін заңды күшіне енеді. Бұл тұрғыда барлық теміржол станцияларына ескерту жасалады», - деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер