BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қазақстан мен Жапония Қарулы Күштерінің өкілдері екі жақты әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Әскери ынтымақтастық аясында Жапония қорғаныс министрлігінің делегациясы Қазақстан Республикасына келді. Әскери делегацияны Жапония қорғаныс министрлігінің әлеуетті дамыту департаментінің басшысы Томоки Мацуо басқарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өткен кездесуде тараптар Қазақстан Республикасы мен Жапонияның қорғаныс ведомстволары арасындағы 2018 жылға дейінгі екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарының жобасын талқылады. Сапар барысында Жапония делегациясы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери госпиталінде болып, ондағы құрылыммен, материалдық-техникалық базамен, күнделікті іс-шаралармен және практикалық жұмыстармен танысты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер