BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Қазақстан халқының саны 18,2 миллионнан асты

ҚР ҰЭМ Статистика комитеті таратқан ақпаратқа сүйенсек, 2018 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша, Қазақстанда халық саны 18 млн 232 адамды құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 238,5 мың адамға немесе 1,3 процентке көп, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздегі қала тұрғындарының саны 10 млн 492,2 мың адамды немесе жалпы халықтың 57,5 процентін құраса, ауылдық жерде тұратын адамдар саны 7 млн 739,8 мың адамға жетті. Бұл - халық санының 42,5 проценті.

Биыл қаңтар-сәуір аралығында республикада 1 жасқа дейінгі 1095 сәби шетінеген (былтыр - 1054). Былтырғыдан 3,9 процентке көп. 2018 жылдың төрт айында сәбилердің шетінеуі жаңа туған 1000 нәрестеге (8,68) шаққанда 8,81 жағдайды құрап отыр.

2018 жылдың қаңтар-сәуірінде 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келушілер саны 25,1 процентке азайып, Қазақстаннан кеткен адамдар саны 20,8 процентке артқан. Негізгі миграциялық алмасу ТМД елдерімен болып отыр. ТМД елдерінен келгендер мен кеткендердің саны сәйкесінше 77,3 және 88,8 процент болды.

Ел ішінде көшіп-қонушылар саны 24,9 процентке азайды. Өңіраралық көшіп-қонудың оң сальдосы елдің төрт өңіріне - Алматы (12 013 адам) және Астана (3699 адам), Маңғыстау (48 адам) және Ақмола (39 адам) облыстарына тиесілі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер