Қазақстан электр энергиямен өзін 98,8% қамтып отыр - Қоғам|07 Тамыз 2018, 12:00
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Қазақстан электр энергиямен өзін 98,8% қамтып отыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан ағымдағы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша өзін электр энергиямен 98,8% қамтып отыр. Алайда, «жасыл энергетиканың» дамуына қарамастан экологиялық ең «лас» ЖЭС-қа өндірістің 82% тиесілі болды. Осыдан бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 79% құраған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша елдегі электр энергия өндірісі 54,8 миллиарда киловатт-сағатына құрады – бұл осыдан бір жыл бұрынғы көрсеткшітен 7,4% артық.

Дәстүр бойынша электр энергия өндірісінің басым бөлігі Павлодар (ҚР-дан 42,9%) мен Қарағанды (ҚР-дан 12,7%) облыстарының өндіріс ошақтарына тиесілі болды.

Айта кетейік, ЭҚНҚО-ның (электр энергиямен құаттылығы нарығының қазақстандық операторы) мәліметтері ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметтерімен сәйкес келмейді. Мәселен, оператордың хабарлауынша жарты жылда 54,7 млрд кВт·сағ электр энергия өндірілді және бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,6% артық.

Сонымен қатар, Қазақстанда өндірілген электр энергияның 81,5% жылу электрстанцияларына, 8,4% - газтурбиналы, 9,7% - гидро, 0,4% - жел және 0,1% күн электрстанцияларына тиесілі.

Жалпы, Қазақстан ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойныша өзін электр энергиямен 98,8% қамтамасыз етуде.

Сонымен қатар, экспорт көлемі де айтарлықтай артқан - бірден 87,4%. Бұл бір тоқсанда 1,9 млрд кВт·сағ немесе қордың 6,4% үлесі ғана.

Маусым айының қорытындысы бойынша электр энергияның тарифі халық үшін бірінші тұтыну деңгейінде электрплитаны пайдаланбайтындар үшін бір жылда 8,7% өссе, пайдаланатындар үшін 14,2% қымбаттады.

Бүгінде 100 кВт∙сағ үшін баға бірінші топтағыларға 1231 теңге, екінші топтағылар үшін 1210 теңге деңгейінде қалыптасты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер