BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Қазақстан азаматшасы мен сәбиі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді

Бүгін 1988 жылғы Қазақстан азаматшасы мен оның екі айлық қызы санитариялық авиация күшімен Анталия қаласынан елге жеткізілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

30 маусымда Түркияда демалып жүрген Қазақстан азаматша мерзімінен бұрын босанған болатын. Нәрестенің жағдайы тұрақты болғаннан кейін және барлық қажетті медициналық құжаттар алынған соң ҚР денсаулық сақтау министрлігі Республикалық санитариялық авиация орталығы және ҚР сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып анасы мен сәбиді Қазақстанға жеткізу мәселесін шешуге кірісті.

Ұшу барысында баланы санитариялық авиация қызметі бригадасының мамандары алып жүрді. Әрі қарай қажетті көмек алу үшін нәресте анасымен бірге Алматы қаласындағы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілді. Қазіргі уақытта бала дәрігерлердің бақылауында.

Саниариялық авиация құрылғаннан бергі соңғы 5 жыл ішінде ауыр хәлде жатқан 49 Қазақстан азаматы шетелден отанына тасымалданғанын айта кетейік. Таяу және алыс шет елден барлық медициналық тасымалдау республикалық бюджет қаржаты есебінен жүзеге асырылды.

Шетелде жүрген кезінде шұғыл жағдайлардың пайда болу қаупін төмендету мақсатында ҚР денсаулық сақтау министрлігі жол жүру алдында жан-жақты медициналық тексеруден өтуді және дәрігердің қорытындысын алуды ұсынады. Денсаулығы үшін қауіп болған жағдайда сақтандырудың тиісті кеңейтілген бағдарламасымен медициналық сақтандыру рәсімдеу ұсынылады. Сақтандыру сапардың барлық ықтимал бағыттарын, денсаулық жағдайына байланысты жедел отанына қайтаруды, емдеуді, ауырған /жазатайым оқиға және т. б. жағдайда ауруханаға жатқызуды жабуы тиіс.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымына сәйкес дәрігердің ұсынымына ерекше назар аудару керек:

• жүкті әйелдерге. Осы санаттағы азаматтар үшін сақтандыру компаниялары қарастырған арнайы кеңейтілген сақтандыру бағдарламасы. Шетелге шығатын жүкті әйелдерге кеңейтілген сақтандыру мерзімінен бұрын босану кезінде жүктіліктің жіті асқынулары туындаған кездегі медициналық шығыстарға байланысты, сондай-ақ, бала күтіміне бағытталған шығыстарға байланысты қосымша жағдайларды қамтиды.

• жаңа туған туған нәрестелермен жолаушыларға;

• балалармен жолаушыларға;

• қарт адамдарға;

• мүгедектігі бар жолаушыларға;

• иммунитеті төмен адамдарға;

• жақында хирургиялық операция жасалған адамдарға;

• созылмалы аурулары бар адамдарға;

• кез келген хирургиялық ауру, онкологиялық және гематологиялық аурулары бар және т. б.жолаушыларға.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер