USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

«Қазақавтожол» қысқа 100 пайыз дайын

«Қазақавтожол» РМК қысқа 100 пайыз дайын. Бұл туралы аталмыш мекеменің ресми өкілі Олжас Баймұханов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта өндірістік кешендерді жөндеу жұмыстары аяқталған. Құм қоймалары, жылыту бекеттері, көлік-жайлар мен қазандықтар дайындығы қайта пысықталуда. Қар мен мұзды шабатын техникалық пышақтар, қар үрлейтін техникалар мен автогрейдерлік құралдар тексеріліп, бөлшектері жаңадан сатып алынды.

Барлық позициялар бойынша дайындық 100%-ды құрап отыр.

Қазіргі уақытта облыстық филиалдарға барлығы 10,5 мың тонна көлемінде көмір және 8200 тонна көлемінде техникалық тұз жеткізу жұмыстары толығымен аяқталған.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады