BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 336.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 390.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.36
Астана:

«Казахстанская правда» газетінің шеф-редакторы Сергей Волков өмірден озды

Фото: Сергей Волков. Фото: facebook.com

«Казахстанская правда» газетінің шеф-редакторы Сергей Волков 10 маусым күні 55 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл кеше кешкісін болды. Жүрегі ұстап қалған екен. Біз оның туыстарымен хабарласамыз, содан кейін ғана жерлеу күні белгілі болады. (...) », - деді «Казахстанкая правда» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Вячеслав Пащенко.

Оның айтуынша, Волков газетте шеф-редактор қызметін атқарған және газеттің әр жұма сайын шығатын санына жауапты болған.

Сергей Анатольевич Волков 1963 жылы 30 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. Бүгінге дейін 900-ден астам журналистік материалы жарыққа шығып, шамамен 20 деректі фильмнің сценарийін жазған. «Бизнес-Класс», «Неделя», «Мистер X», «Портрет недели», «Политбюро» (КТК) және өзге де телебағдарламалардың авторы.

«Казахстанская правда» басылымында 2004 жылдан бастап жұмыс істеп келген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер