BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Қатты жел, жаңбыр: сенбіге арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, оңтүстік-батыста ғана күн ашық болады. Кей жерде жел күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, желдің жылдамдығы түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерде 23-28, екпіні 30 м/с дейін жетеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түседі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 30 м/с және одан асуы мүмкін.

Павлодар облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с жетеді, кей жерде тұман түсуі ықтимал.

Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с, Қарағанды облысында желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Aқмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан, Aқтөбе, күндіз Aлматы облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер