BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Қатты жел, шаңды дауыл: 4 облыста ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің төрт облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

15 қыркүйекте Түркістан облысының кей жерінде шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

15 қыркүйекте Қостанай облысында батыс, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 мс болуы ықтимал.

2018 жылы 15 қыркүйек сағат 9-дан 15 қыркүйек сағат 16-ға дейінгі аралықта Маңғыстау облысы бойынша кей жерде шаңды дауыл болып, желдің күші 15-20 м/с жылдамдыққа жетеді.

Актау қаласында 15 қыркүйек күндіз шаңды дауыл болып, желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді. 15 қыркүйек күні түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде 3°С үсік жүреді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер