Кәсіпкерлердің бәрі бірдей өрт қауіпсіздігіне назар аудара қоймады – Исекешев - Қоғам|16 Сәуір 2018, 14:25
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Кәсіпкерлердің бәрі бірдей өрт қауіпсіздігіне назар аудара қоймады – Исекешев

Фото: Егемен Қазақстан

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев әкімдіктің аумағы 1500 шаршы метрден асатын ғимараттарды ғана тексере алатынын, шағын кафе, интернет және түнгі клуб секілді кіші ғимараттарда өрт қауіпсіздігін тексеруге құқығы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бизнес климатты жақсарту мақсатында биыл біз бизнеске қатысы бар архитектура, жер сияқты салалардағы мәселелерге баса назар аударамыз және осы бағытта жұмыс істейміз. Бізге тұрғындардың көпшілігі құрылыс сапасына қатысты шағымданады. Үйді мемлекет қабылдап алмайды, қазір мұның бәрі жеке бизнесте. Бүгінде көпқабатты үйлерде ешқандай рұқсатсыз хостел аша береді. Біз тұрғындарға кедергі келтірмес үшін стандарттар енгізіп немесе хостелдердің жеке кіретін есігі болуын қадағалауымыз керек», - деді Исекешев.

Сонымен бірге қала әкімі тұрғын үйлер айналасындағы қоқыстардың дұрыс жиналмауы туралы шағымдардың көп екенін, оны шешу мақсатында жауаптылықты күшейтетінін айтты.

«Жеке қоқыстар туралы да мәселе бар. Үй маңайында қоқыстар жиналып қалып сосын оның суреттері әлеуметтік желіге тарайды. Біз мұнымен қолымыздан келгенше күресіп жатырмыз. Полицейлер ережені бекіткенімен, айыппұл сомасы өте аз. Жауапкершілікті күшейту бойынша ұсыныстар енгізетін боламыз», - деді Астана қаласының әкімі.

Ол лифтінің қызмет көрсетуі, көпқабатты үйлердегі жеке хостелдер мен мейрамханалар жұмысы, өрт қауіпсіздігі секілді мәселелердің барын атап өтті.

«1500 шаршы метрден асатын ғимараттарды тексеруге құқығымыз бар. Қазір біз заң бойынша үлкен орталықтарды тексере аламыз. Алайда 1 500 шаршы метрден көлемі аз ғимараттарға рұқсат жоқ. Мысалы, шағын дәмханалар, компьютер клубтары мен түнгі клубтарды тексереуге құқығымыз жоқ. Кәсіпкерлердің бәрі бірдей қауіпсіздікке назар аудара қоймады. Мұны не лицензиялық мемлекеттік бақылауды енгізу арқылы, не өзін-өзі бақылау арқылы шешуді ұсынамын. Мен өзім екіншісін қолдаймын», - деді ол жыл сайынғы кәсіпкерлер конференциясында.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер