BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Қарулы күштер парадқа даярлықты бастады

Қазіргі уақытта «Отар» 40-шы әскери базаның территориясында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жеке құрамы мен әскери бөлімдері және әскери техника жиналып жатыр, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«Матыбұлақ» полигонында Отан қорғаушылар күні қарсаңында армиялық құрылымдар Қазақстанның Қарулы күштері қолданатын тактикасы мен заманауи қару түрлерін, әскери техникасын қолдануды көрсетеді.

2018 жылы Әскери парадқа 3 мыңға жуық әскери қызметкер, 300 әскери қару және әскери техника, 30-ға жуық ұшатын аппарат қатысады.

Жаттығу барысында парадқа қатысушылардың амандасуы, туды алып шығуы, сонымен қатар жеке құрамның салтанатты шеруі нақтыланады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер