BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Қарағандыда прокурор пара алып жатқан жерінде ұсталды

Қарағанды қаласы аудандық прокуратурасының қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Бас прокуратураның сайтына сілтеме жасап.

«2018 жылғы 16 мамыр күні Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры Е. Балхабекұлын 300 мың теңге көлемінде пара алу барысында ұстады. Ол үш сотталғанға қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыстық жазаны қолдау үшін өтемақы алмақ болған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында. Іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген баспасөз хабарламасында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер