BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 339.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.64 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.3
Астана:

Қаңтар-ақпан айларында 79 сүт өніміне тексеру жүргізілді – Бекшин

Фото: Sputnik Казахстан

Үстіміздегі жылдың қаңтар-ақпан айларында 79 сүт өнімінің үлгісіне тексеру жүргізілді. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«2017 жылы жүргізілген мониторинг көрсетіп тұрғандай, айналымдағы азық-түліктің 23%-ы тұтынушыларды алдау, оларды шатастыру және өнімнің таңбалануындағы көрсеткіштерге сәйкессіздік болып табылады. Жалған ақпарат жазылған өнімдердің басым бөлігі сүт және май өнімдеріне қатысты. Мысалы, ішетін сүт, қоюлатылған сүт, сары май, жұмсақ ірімшік, балалар йогурты секілді азық-түліктегі табиғи сүт майы өсімдік майы және пальма майымен алмастырылған. Ал бұл тауар қаптамасында көрсетілмеген», - деді ол.

Еліміздегі бас санитар дәрігердің айтуынша, осы азық-түлік бойынша ағымдағы 2018 жылдың екі айында комитет 1 227 зерттеу жүргізген.

«Небәрі екі айдың ішінде комитет сүт өнімдерінің 79 үлгісін тексеріп, 1227 зерттеу жүргізді. Олардың 18-і май-қышқылдық құрамы бойынша сәйкес келмейді. Негізінен, бұл Францияның «Лакталис Интернейшионалс» фирмасының 82% майлылықтағы «Президент» сары майы, Қырғызстанның «Бішкек сүт» ААҚ 3,2% майлылықтағы «Домик в деревне» сүті, Литваның «Свалья» сары майы, Германияның «Омира Оберланд» фирмасының лактозасыз «Минус Л» сүті және тағы бірқатар фирма», - деді комитет төрағасы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер