BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Қалыңдығын кафеге апарған жігіттің тапсырысқа төлейтін ақшасы жетпей қалды

Алматыда қалыңдығын дәмханаға апарған жігіттің тапсырысқа төлейтін ақшасы жетпей қалған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қазақстандық әнші Луина Инстаграм парақшасында жазды.

«Әдетте мен біздің мекемелердің ішкі ісіне көп араласа бермеймін. Бірақ, бұл жолы осы жағдайда мән бермей өте алмадым. Кеше біздің кафеге екі ғашық келіпті. Содан кейін төлем төлейтін кезде, жігіттің ақшасы жетпей қалып, бізге хат жазып, қалдырып кеткен екен. Менің сол жігітке айтарым бар: Біз мұндай жағдайға үлкен түсіністікпен қараймыз. Кешірім сұраудың, тіпті жетпеген ақшаны қайтып әкелудің де қажеті жоқ. Одан да болашақ қалыңдығыңызбен бірге біздің дәмханаға тағы бір рет келіңіз: біз сіздерді романтикалық кешке шақырамыз. Әртүрлі жағдайлар болады. Қымсынбай, маған хабарласыңыз», - деп жазды әнші.

Ал жігіт болса әкімшілерден төмендегідей хат жазып, кешірім сұраған.

«Мені осы әрекетім үшін кешіріңіздер... Төлем жасауға 2500 теңге жетпей қалған соң, не істерімді білмедім. Бірақ, мен міндетті түрде қайтып келіп, қалған ақшаны төлеймін. Уәде беремін. Менің қасымдағы қыз - менің болашақ қалыңдығым. Оның алдында еңсемді түсіргім келмеді. Мені түсінесіздер деп ойлаймын», - деп жазылған хатта.

Обычно я не вмешиваюсь во внутренние дела наших заведений, но пройти мимо этого случая я реально не cмогла. Вчера к нам в @novacafekz пришла молодая пара, они посидели, потом парень, понимая, что не хватает денег, оставил часть суммы и записку официанту. Обращаюсь к молодому человеку: Мы с большим пониманием относимся к вашей ситуации. Не нужно извиняться и тем более приносить деньги, лучше приходите к нам со своей будущей невестой еще раз: мы дарим вам романтический ужин на двоих. Ситуации бывают разные) Не стесняйтесь, напишите мне в директ.

Публикация от Luina (@luinaofficial)

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер