BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

«Jas Qalam» форумы 100-ден астам жас журналисті жинады

Фото: автор

Астана, Baq.kz тілшісі. Қазақстандық журналистиканы дамытуға, жас журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған кең аумақты «Jas Qalam» жастар жобасына 14 пен 29 жас аралығындағы 100-ден аса қатысушы жиналды.

Форум барысында Михаил Дорофеев, Нұржан Мұхамеджанов, Серік Ақышев, Дина Төлепберген, Асқарбек Қазанғап пен басқа отандық бұқаралық ақпарат құралдарының таңдаулы өкілдері келіп қатысушыларға арнайы шеберлік сағаттары мен тренингтер өткізді.

Фото: автор

Форум жұмысына ҚР Тұңғыш Президенті қорының директоры, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, «Қазақстан» телеарнасының директоры Еркін Мұхамбетжанов, «Atameken Business» телеарнасының бас редакторы Қанат Сахариянов, «7 арнаның» бас продюссері Нариман Қойшыбаева, «Егемен Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, «Казконтент» АҚ басқарма төрағасы Думан Қожахметов, «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры Асқар Омаров қатысты.

«Осы жобаның мақсаты – қазіргі таңдағы журналистика саласындағы жаңа трендтерді түсіндіру және олармен жұмыс істеу. Бізге белгілі қазіргі таңда журналистерді жоғарғы оқу орындары дайындайды, ондағы оқу бағдарламасын күн сайын өзгертіп, заманауи қылу өте қиын. Сол себепті біз осы жоба арқылы жастарға үлкен мүмкіндік беріп отырмыз. Белгілі отандық журналистерді шақырып олармен жұмыс жасап, тәжірибе алмасуға мүмкіндік бар. «Jas Qalam» форумына кәсіби журналистикаға ынтасы бар кез-келген адам қатыса алады. Аймақтардан ғана емес, тіпіті Ресейден де хаттар келіп түсті. Енді осы жастармен жұмыс жасайтын боламыз. Қатысушылар біздің форумнан кейін сертификат алатын болады», - дейді Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов .


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер