USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

Интернетте Президентке тіл тигізгендер қылмыстық жауапқа тартылады

Әзербайжанда ғаламторда президентке тіл тигізіп, қорлағандарды жауапқа тартуды көздейтін заң қабылданды. Тиісті заң жобасы милли меджлистің пленарлы отырысында бекітілді, деп хабарлайды Baq.kz.

Заң шығарушы органға аталған ұсынысты Әзербайжанның бас прокуроры Закир Гаралов ұсынған. Мемлекет басшысының ар-намысын, абырой-беделін түсірмек болғандарға 500 манаттан 1000 манатқа дейін (шамамен 95-190 мың теңге шамасында) айыппұл салынады. Сондай-ақ, 2 жылға бас бостандығынан айырылады немесе 2 жыл мерзімге түзету жүмыстарына жегіледі.

Өткен жылдың желтоқсан айынан бері Әзербайжанда сабақтан қалған оқушыларға да айыппұл салынады. Мелли меджлис депутаттары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енген түзетулерді бірден мақұлдаған. Жаңа құқықтық нормаға сәйкес, егер оқушы бір ай ішінде кем дегенде жеті рет сабақтан қалса, онда ол 100 манат мөлшерінде айыппұл төлейді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады