BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

ІІМ штаты 10 пайызға қысқарады, 450 басшы кетеді - министр

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов «Құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін одан әрі жаңғырту» тақырыбына арналған Парламенттік тыңдауларда «Құқық қорғау органдарын жаңғыртудың 2018-2021 жылдарға арналған жол картасын» таныстырды.

«Біріншіден, ұйымдастыру-штаттық құрылымды оңтайландыру жоспарланып отыр. Атап айтсақ, штат санының 10 пайызы қысқарады. БҰҰ ұсынымында 100 мың адамға 300 полиция қызметкерінен келу керек делінген. Бұл шара елдер арасындағы полицей саны бойынша рейтингте Қазақстанның позициясын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазір бізде 100 мың адамға 471 полиция қызметкерінен келеді. 10 пайызға қысқарту кезінде біз 100 мың адамға 424 полицейге жетіп, осылайша Еуропа нормаларына жақындаймыз. Осы жұмыс аясында біз артық басқару буындарын қысқартамыз. Тергеушілер, учаскелік полицейлер мен жедел уәкілдерді қысқартпаймыз», - деді Қасымов.

Министрдің айтуынша, негізінен басқарушы аппараттар қысқартуға ұшырайды. Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты мен оның ведомстволары, аймақтық полиция органдарының аппараттарында 450-ге жуық басшыны қысқарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, күзет құрылымдары мен әкімшілік шығындар қысқартылады.

«Штат санын қысқарту кезінде еңбекақы қоры бойынша шығындардың оңтайлануы 16 млрд теңгені құрайды. Бұл ақша қалған полицейлердің жалақысын өсіруге жұмсалады. Яғни, полиция қызметкерлері мен қылмыстық атқарушы жүйе қызметкерлерінің жалақысы өседі және тұрғын үй мәселесі де шешіледі», - деді Қалмұханбет Қасымов.

Бұған дейін министр бірнеше рет қылмыс жасағандарды «тараптардың татуласуы» арқылы босатпау керек деген болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер