BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

ІІМ өрт қауіпсіздігін сақтамай отырған бірқатар нысанды атады

Өрт қауіпсіздігінің сақталмауына байланысты министрлік тарапынан жасалған ескертулерді елемей, нәтижесінде, құжаттары сотқа жолданған нысандар бар. Астана қаласы бойынша «Keruen City» сауда ойын-сауық орталығын атауға болады. Бұл жөнінде брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгінгі күні тексерілген нысандар бойынша барлығы 6 081 заң бұзушылық тіркелген. Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңның сақталмауы үшін салынатын айыппұл санкияларының көлемі шағын және орта бизнес үшін – 15 минималды АЕК, орта бизнес 25 минималды АЕК, ірі кәсіпкерлік нысандары үшін – 50 минималды АЕК дейінгі шекте болады. Шешуші тексеру бизнес тарапынан тиісті шаралар қабылданбағанын көрсететін болса, онда сот шешімімен мұндай айыппұлдар көлемі айтарлықтай ұлғайтылатын болады. Яғни, ол шағын және орта бизнес үшін – 100 минималды АЕК, орта бизнес 250 минималды АЕК, ірі кәсіпкерлік нысандары үшін – 500 минималды АЕК дейінгі көлемде болады», - деді Ильин.

Министрдің орынбасары атап өткендей, Астана қаласында тексерілген нысандар бойынша бір сауда ойын-сауық орталығының құжаттары тиісті шара қолдану үшін сотқа жолданып отыр.

«Бүгін біз шешуші тексеру жүргізіп, материалдарды сотқа жолдаған нысандар жайында Астана қаласы бойынша «Керуен Сити» сауда-ойын-сауық орталығын атауға болады. Аталған нысан жұмысын тоқтату немесе оған жоғарыда аталған көлемде айыппұл салу туралы шешімді енді сот шығаратын болады. Сол сияқты, Алматы қаласы бойынша «МАРТ» СО, «Спутник» СОСО, Ақмола облысы Көкшетау қаласы бойынша «Бурабай» және «Алатау» СО, Ақтөбе қаласы бойынша «Батыс Қазақстан жәрмеңкесі» ЖШС және «Аққу» СҮ, Алматы облысы бойынша Қарасай ауданындағы «Молл Апорт» СОСО, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы бойынша «City Center» СО, Қарағанды қаласы бойынша «Сити Молл» СҮ, Орталық әмбебап дүкені, Қостанай облысы бойынша «ОӘД» СҮ, Павлодар облысы «Жібек жолы» және «Сарыарқа» СҮ, СҚО бойынша «Корона» және ОҚО Түркістан қаласы бойынша «Қуаныш» СО. Бұл бүгінгі күні өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы бойынша аса қауіпті нысандар болып табылады және олар жөнінде материалдар әкімшілік соттарға жолданды. Жалпы, 6 мыңнан аса анықталған заң бұзушылықтар бойынша нысандарға 7 млн 627 мың теңге айыппұл салынды», - деді ол.

Ұсынылған мәліметке сәйкес, сәуір айында басталған тексеру нәтижесінде елімізде небәрі 6 нысан бойынша ғана ешқандай заң бұзушылық анықталмаған.

Еске сала кетсек, көрші Ресейдің Кемеров қаласындағы қайғылы оқиғадан кейін ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасы бойынша сәуір айында еліміздегі ірі сауда ойын-сауық нысандарына кезектен тыс тексерулер басталған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер