BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

ІІМ астаналықтарға қаладан уақытша кетуге кеңес берді

ҚР ІІМ елорда тұрғындары мен қонақтарына «ЭКСПО» көрмесінің жабылу салтанатына байланысты қолайсыздықтарға тап болмас үшін қаладан уақытша кетуге кеңес берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Today.kz порталына сілтеме жасап.

Бүгін Астанада өткен брифингте көрменің жабылуына байланысты қолға алынатын қауіпсіздік шаралары туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мұсақанов баяндады.

«Шараның жабылуында ислам мемлекеттерінің саммиті болады. 18 мемлекеттің басшысы келеді деп болжануда. Тағы 20-на қатысты мәселе шешіліп жатыр. Бұл күні қалаға көп салмақ түсетіні рас. Біз әр мемлекет басшысына ілесіп жүруіміз керек, олар сегіз қонақ үй мен екі резиденцияда қалады. Қатысушылар ЭКСПО-ның жабылуына, концерттік бағдарлама өтетін шараларға келеді. Біз қауіпсіздікті қаматамасыз ету үшін барлық құқық қорғау органдары арасында жаттығу өткіздік. Аздап шыдауға тура келеді. 30 елді қарсы алып, күтуіміз керек», - деп мәлімдеді Мұсақанов.

Сондай-ақ, комитет төрағасының орынбасары елордалықтарға бұл күндері жеке көлікпен жүрмеуге, тіпті қаладан кетуге кеңес берді.

«Азаматтарға өз көлігімен жүрмеуге, ең дұрысы ЭКСПО-ны бұған дейін көрген болса қала сыртына шығуға кеңес береміз», - деп толықтырды Талғат Мұсақанов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер