BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

ИДМ қызметкерлері бір күндік жалақысын онкологиялық аурулардан зардап шеккен балаларға аударды

Бүгін Инвестициялар және даму министрлігінде бүлдіршіндердің қатысуымен өте әсерлі кеш өтті. Онда ведомство қызметкерлерінің өнерлі ұл-қыздары Ақмола облысы, Ақкөл қаласындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арнап концерт қойып, өнерлерімен ерекше көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған министрлік басшысы Жеңіс Қасымбек министрлікте Балаларды қорғау күніне орай денсаулығына байланысты мұқтаж балаларға көмек көрсету үшін қайырымдылық шарасы өткенін айтты.

"Осы акцияға байланысты қызметкерлеріміз жақында бірнеше ота жасатуға мәжбүр кішкентай Саидаға қол созу мақсатында бір күндік табысын «Милосердие» ерікті қоғам қайырымдылық қоры мен онкологиялық аурулардан зардап шеккен балалармен жұмыс жасайтын «Асыл Бала» қорына аударды" - дейді ол.

Сондай-ақ, министрлік қызметкерлері «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалымен бірлесіп балалар үйінің тәрбиленушілеріне сыйлықтар үлестірді.

"Осы бір игі шара дәстүрге айналу үшін министрлік пен балалар үйі бірлесіп жұмыс істеу мақсатында арнайы Меморандум жасастық. Қасиетті айда қамқорлық танытқан барша министрлік қызметкерлеріне, сонымен қатар бүгін ерекше көңіл күй сыйлап, өнерімен бізді тәнті еткен балақайларға шексіз алғысымды жеткізгім келеді" - деді Жеңіс Қасымбек.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер